Қазақстандық фильм халықаралық кинофестивальда бас жүлде алды

1100
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген фильм Әзербайжанда бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Жас Алашқа сілтеп.

Халықаралық «Baku International Film Festival 2024» фестивалінде отандық кино бас жүлде алды. Фестивальде қазылар алқасының төрағасы, «Алтын глобус» сыйлығының иегері Сиддик Байрам қазақстандық "Бауырына салу" фильмін жоғары бағалаған.

«Бауырына салу» фильмін Орталық Азиядағы мазмұнды фильмнің бірі деп айта аламын. Мұнда ұлттық дәстүрдің көлеңкелі тұсы, бала жанының нәзік психологиясы ашып көрсетілген. Қарапайым ауылдың қоңыр тірлігін баяндайтын фильм алдағы уақытта да шыңды бағындырады деп сенеміз!», – деді ауған режиссері Сиддик Байрам.

Аталған фильмді режиссер Асхат Кучинчереков түсірген. Фильм «Тұлпар» ұлттық сыйлығының ең жоғары наградасына ие болды.

Сондай-ақ, аталмыш фильм "Оскар" комитетіне ұсынылған.

Пікірлер