Теңгенің құнсыздануына негіз жоқ - Вице-министр

1041
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық экономика вице-министрі теңге девальвациясы туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Арман Қасенов теңге девальвациясының тәуекелдеріне ешқандай себеп жоқ екенін хабарлады.

"Соңғы үш жылда БАҚ-та әртүрлі сарапшылар валюта бағамының тым жоғары болатынын айтып келеді, бірақ барлық жағдайда олай болған емес. Шындығында, девальвация ұзақ уақыт бойы болған жоқ, өйткені девальвацияның әрқашан нақты іргелі себептері болуы керек. Қазір, әрине, олар жоқ", - деді Қасенов Сенатта өткен брифингте.

Брифинг барысында сөз сөйлеген вице-министр қазақстандық экспортты мысал ретінде келтірді.

"Өздеріңіз көріп отырсыздар, экспорт былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Импорт төмендеді. Бүгінде бізде сауда балансы бар. Сондықтан қазір бізде девальвацияға негіз жоқ", - деді вице-министр.

Сондай-ақ, вице-министр Қазақстанның ұлттық валютасы теңге тұрақты екенін айтты.

Пікірлер