Референдумның алғашқы нәтижелері жарияланды

207
Adyrna.kz Telegram

АЭС салу мәселесі бойынша өткен референдумның алғашқы нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Барлығы 7 820 918 қазақстандық Атом электр стансиясының құрылысына байланысты референдумға қатысып дауыс берген. Пайызға шаққанда бұл Қазақстандағы барлық сайлаушылар санының 63,87% құрайды.

Орталық референдум комиссиясының айтуынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20:00-гі жағдай бойынша азаматтардың өңірлерді азаматтардың келуі мынандай:

Абай облысы 69,57%

Ақмола облысы 71,63%

Ақтөбе облысы 75,11%

Алматы облысы 68,71%

Атырау облысы 63,28%

Батыс Қазақстан облысы 67,03%

Жамбыл облысы 61,28%

Жетісу облысы 68,01%

Қарағанды облысы 72,12%

Қостанай облысы 73,45%

Қызылорда облысы 82,48%

Маңғыстау облысы 54,03%

Павлодар облысы 65,09%

Солтүстік Қазақстан облысы 66,31%

Түркістан облысы 71,31%

Ұлытау облысы 70,69%

Шығыс Қазақстан облысы 73,79%

Астана қаласы 50,81%

Алматы қаласы 25,39%

Шымкент қаласы 70,57%

Референдумның алдын-ала қорытындылары ертең арнайы брифингте хабарланады

 

Пікірлер