Тоқаев Бектеновтің жұмысы туралы: Үкімет мен қойған міндеттерді орындайды

83
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов Үкіметінің жұмысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

– Менің ойымша, Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы ретінде қойған міндеттерімді орындауға тырысады. Жұмысымыз өте қауырт. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына көріне бермеуі мүмкін. Ақпараттарды жан-жақтан алып отырамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Сондықтан елдегі барлық оқиғадан әрқашан хабардармын. Министрлердің және Үкіметтің жұмысында кемшін кетіп жатқан тұстар болса, әлбетте, ескертемін. Жеті ай деген көп уақыт емес. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі керек. Ең басты міндет – ел экономикасының дамуына серпін беретін мүмкіндіктерді іздеу, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Пікірлер