Ақын Сәуле Досжан: «Референдумға қатысу-маңызды азаматтық борыш»

114
Adyrna.kz Telegram

 

Алматыда референдумға жазушы Сәуле Досжан қатысты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сәуле Досжан АЭС салу мәселесіне арналған референдумға қатысты.

Сәуле Досжан Алматыдағы ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде орналасқан №112 сайлау учаскесіне барды.

Ақын ел болашағына қатысты осындай мәселелерді шешуге жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.

«Референдумға қатысу-маңызды азаматтық борыш. Біз бәріміз ертең қандай болатынын анықтайтын шешімдер қабылдауға қатысуымыз керек. Мен өз елімнің азаматы ретінде Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім», - деді Сәуле Досжан.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматыда 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар сағат 20.00-ге дейін ашық болады.

 

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі 

Пікірлер