Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өз таңдауын жасады

76
Adyrna.kz Telegram
Дзюдодан тұңғыш олимпиада чемпионы, жамбылдық Елдос Сметов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ол Тараз қаласындағы №82 референдум учаскесіне келіп дауыс берді.  Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық парызын орындаған спортшы өз отандастарының дауысы келешек үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

— Бүгінгі референдум барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. Атом электр станциясын салу немесе салмау туралы таңдауды халықтың өзі жасап жатқанын жөн деп санаймын. Өз отандастарымды өз таңдауларын жасауға шақырамын. Себебі елдің болашағы қашан да халықтың қолында. Мен де қарапайым халықтың қатарындағы азаматпын. Менің де дауысым маңызды деп ойлаймын. Бүгін өз таңдауымды жасадым,- деді чемпион.

Пікірлер