Референдум. Талдықорғанда тұңғыш «Қазақстан Барысы» өз таңдауын жасады

115
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда Әлем кубогінің күміс жүлдегері, тұңғыш «Қазақстан Барысы» атанған Ұлан Рысқұл өз таңдауын жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Референдумға жетісулық Рысқұл Ұлан №349 учаскесіне барып дауыс берді.

Рысқұл Ұлан дзюдодан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің күміс жүлдегері. «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы дауыс беріп, өз пікірін білдірді.
«Еліміздің өсіп-өркендеп дамығанын қалаймын. Сондықтан ел ертеңіне бей-жай қарамай, даму жолындағы тың бастамаларды қолдау үшін келдім. Таңдау жасадым. Бүгінгі күн барлығымыз үшін маңызды. Барша қала халқын референдумнан қалыс қалмауға шақырамын»,- деді чемпион.

 

Пікірлер