Бас прокуратура «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямованың референдум бойынша сауалнама жүргізу ісіне қатысты тағылған айыптарын жоққа шығарды. Бұл туралы БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«2024 жылғы 3 қазандағы «PROTENGE» және «Уральская неделя» ақпараттық басылымдарында газеттің бас редакторы Т.Есләмованың өзі және «Журналистік бастама» ЖШС-і кәсіби журналистік қызметті жүзеге асырғаны үшін (азаматтармен қарапайым сұхбат) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112 және 129-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды” делінген мақалалар жарияланды. Ал, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген жұма күні хабарламада.
Прокуратура заңға сәйкес, 30 қыркүйекте «Уральская неделя» басылымында жарияланған материал бойынша, қоғамдық пікірге сауалнаманы кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана жүргізе алады, ал бұл байқалмағанын айтты.
Сондай-ақ, прокуратураның хабарлауынша, ЖШС референдум өткізу туралы Орталық референдум комиссиясына заң талабына сәйкес хабарламаған.
Нәтижесінде 3 қазанда сот «Журналистік бастама» ЖШС-ны заңды бұзғаны үшін кінәлі деп тауып, 30 АЕК (110,7 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.
Бұған дейін «Уральская неделя» басылымының бас редакторы Тамара Еслямованың Қазақстандағы атом электр станциялары тақырыбы бойынша өтіп бара жатқан адамдардан сұхбат алғаны үшін сотқа тартылған болатын. Кейінірек «Уральская неделяның» бас редакторы Тамара Еслямованың ісіне қатысты әкімшілік хаттаманың «қате» жасалғаны хабарланды. Одан кейін «Уральская неделя» газетіне Қазақстандағы атом электр станциялары туралы тақырыпта өтіп бара жатқандардан сұхбат алғаны үшін айыппұл салынғаны белгілі болды.