Мексика президенті АҚШ-тың тарихи атауын қайтаруды ұсынды

247
Adyrna.kz Telegram
Фото: Guardian News
Фото: Guardian News

Мексика президенті Клаудиа Шейнбаум Дональд Трамптың Мексика шығанағының атауын өзгерту туралы мәлімдемесіне жауап ретінде АҚШ-қа XVII ғасырдағы тарихи атауын қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы NBC News-ке сілтеп.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сейсенбіде Мексика шығанағының атауын «Америка шығанағы» деп өзгерту туралы ой қозғаған болатын.

Клаудиа Шейнбаум бұл пікірге жауап ретінде 1607 жылы Амстердамда жасалған еуропалық картаны көрсетті. Бұл картада АҚШ аумағы «America Mexicana» деп аталған. Президенттің айтуынша, бұл атау аймақтың тарихи мұрасын бейнелейді және символикалық мәнге ие.

"Неге біз «America Mexicana» деп атамасқа? Бұл тарихи дәлдікке сай келеді және тамаша естіледі", – деді Шейнбаум.

Президент сондай-ақ Дональд Трамптың Мексиканы есірткі картельдері басқарады деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

"Мексиканы халық басқарады", – деді ол.

Айта кетейік, «America Mexicana» атауы 1814 жылы қабылданған Апацинган Конституциясында да қолданылған. Бұл құжат испан билігіне қарсы мексикалықтардың тәуелсіздік үшін күресін бейнелейді.

Пікірлер