Иранда әуежайлар жұмысы қайта жанданды

107
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТАСС
Фото: ТАСС

Иранда әуежайлардың қызметі қайта жанданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Иранның Азаматтық авиация ұйымының өкілі Джафар Язарлудың сөзінше, сейсенбі күні Израильге жасалған зымыран шабуылынан кейін Иран әуежайы жұмысын уақытша тоқтатқан.

"Қолайлы және қауіпсіз ұшу жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейін және шектеулерді алып тастағаннан кейін авиакомпанияларға рейстерді орындауға рұқсат етілді", — деді Джафар Язарлу.

Өкіл жолаушыларға әуежайға барар алдында ұшу кестелерін тексеруге және саяхат жоспарларын растауға кеңес берген.

Бұған дейін Иран билігі республиканың әуе кеңістігі бейсенбі күні таңертеңге дейін жабылатынын хабарлаған еді.

Пікірлер