Жол-көлік апаты өткен жылмен салыстырғанда 90 пайызға өсті - Бас прокурор

1399
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов елдегі жол-көлік оқиғаларының өскенін айтты. Ол бұл туралы өзінің X парақшасында жазды, деп хабарлайды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 90%-ға өсті, сондай-ақ құрбандардың саны да артып келеді. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында теріс тенденция байқалады», - деді Берік Асылов.

Ол осыған байланысты прокурорларға мемлекеттік органдармен бірігіп, оның себептерін жан-жақты тексеруді тапсырғанын айтты.

Пікірлер