СҚО-да 3 аудан әкімі жауапқа тартылды

944
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Солтүстік Қазақстан облысында 3 аудан әкімі жауапқа тартылды. Бұл туралы өңір прокуроры Қайрат Әбдіханов коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық заңнаманы сақтау мәселесі бойынша алқа отырысында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Прокурордың айтуынша, жүргізілген талдау нәтижесінде қалдықтармен жұмыс істеу кезінде заңнама талаптарының өрескел бұзылғаны анықталған. Прокурорлардың араласуынан кейін 11 ауданда тұрғындар үшін қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер белгіленді.

«Облыстың тағы 6 ауданында негізсіз көтерілген тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылданып жатыр. Экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әртүрлі 95 адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 аудан әкімі бар», делінген хабарламада.

Отырыс қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданып, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер