Алматыда шілде айында із-түссіз жоғалып кеткен жас жігіттің денесі табылды

863
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ағымдағы жылдың шілде айында із-түссіз жоғалып кеткен жас жігіттің денесі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

1994 жылы туған Балтабай Азамат Маратұлы 2024 жылдың 10 шілдесінде жоғалып кеткен. Ер адам өз үйінен Іле ауданы, Боралдай ауылы, Водник-2 ықшам ауданы, 6-ғимарат мекенжайы бойынша шығып кеткен.

Еріктілердің айтуынша, ер адамның денесі 22 қыркүйекте табылған. Қайғылы оқиғаның басқа мәліметтері жария етілмеді.

Пікірлер