Ақмола облысында ірі көлемдегі есірткі жеткізетін арна жойылды

885
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан полициясы үлкен көлемдегі есірткі сататын ірі арнаны жойды, - деп хабарлайды “Адырна” тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола облысының аумағына ірі көлемде есірткі жеткізушінің ісіне тосқауыл қойылды.

Ақмолалық жедел уәкілдер елордада ұстау кезінде заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркіледі. Бұл — қара нарықтағы құны 34 млн теңгені құрайтын 7 мыңға жуық дозаға тең. Сонымен қатар құны 5 млн теңге болатын 500-ден астам дозаға тең 2 келіден астам гашиш табылды.

54 жастағы ер адам есірткіні тек өзінің үйінде ғана емес, жалға алынған жертөледе де сақтаған. Мұнда полиция қызметкерлері есірткі заттарын орауға арналған құрылғыларды тәркіледі.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Пікірлер