Атырауда ер адам көпірден секіріп кетті

907
Adyrna.kz Telegram

Атырауда ер адам көпірден секіріп кетті, - деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 қыркүйек күні сағат 08:28-де Атырау қаласы Жилгородок ауданында белгісіз біреу жаяу жүргіншілерге арналған көпірден суға секіргені туралы хабарлама келіп түскен.

Мұны бірінші болып жағалауда келе жатқан әйел байқады. Ол дереу құтқару қызметіне хабарласқан.

«Шақыру орнына жедел жеткен құтқарушылар белгісіз ер адамды судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиды», - деп хабарлады ТЖД.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ ниетпен суға секірген. Қазір ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазақстанда соңғы екі аптада суицидтің он оқиғасы тіркелді, оның жетеуі Алматыда. 12 және 13 жастағы қыздар, 17 жастағы жасөспірім, жергілікті университет студенті және 3-курс курсанты қайтыс болды.

Пікірлер