«Үркер- 2024» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

771
Adyrna.kz Telegram

Бүгін  «Үркер-2024» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен 2017 жылдан бастап өткізіліп келеді. «Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдар қатысады. «Үркер» ұлттық сыйлығына биыл 400-ге жуық өтініш келіп түскен. БАҚ өкілдері 12 номинация бойынша бақ сынады. Айта кетейік, келіп түскен жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа-сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалады.

«ҮРКЕР» сыйлығының жеңімпаздары:

  1. Жылдың үздік сұхбаты – Нұрлан Оразғалиев (Inbusiness.kz);
  2. Жылдың үздік репортажы – Юлия Абрамова (Nur.kz);
  3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Ксения Евдокименко (Time.kz);
  4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Нұрлат Байкенже (Астана ақшамы газеті);
  5. Жылдың үздік аналитикалық материалы – Тимур Ниталиев (Ulysmedia.kz);
  6. Радиостанциядағы үздік жоба – Қымбат Досжан (Қазақ радиосы);
  7. Жылдың үздік фотосуреті – Сали Сабиров (Olympic.kz);
  8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы – Abai.kz;
  9. Үздік өңірлік БАҚ – Наш Костанай газеті;
  10. Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында) – Торғын Ашенова (Омбы қазақтары газеті);
  11. Үздік подкаст – NeQuryltay;
  12. Үздік YouTube каналы – Sayahat Time (balbal.kz)

Әр номинацияның жеңімпазына «Үркер- 2024» естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. Аталған 12 номинациядан бөлек, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Время» газеті ұжымына арнайы сыйлық тарту етті. Ал, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған марапатты «Заң» газеті иеленді.

Пікірлер