Тоқаев ҰҚК төрағасының сыртқы барлау бойынша орынбасарын тағайындады

912
Adyrna.kz Telegram
Akorda.kz
Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың екі орынбасары тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 23 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарлары Руслан Сейсембаев пен Асқар Әмірхановты жұмыстан босатқан еді.

Пікірлер