Түркияда сиам егізін ажырату операциясы сәтті аяқталды

1227
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Түркияда бір жасар пәкістандық сиам егізі Манал мен Мирханы ажырату операциясы сәтті өтті. Бұл туралы Sky News арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

14 сағатқа созылған операцияны британдық хирург Нур ул Овасе Джилани жасады. Ол кездейсоқ таңдалған жоқ. Маманның сиам егіздерін бөлуде үлкен тәжірибесі бар. 2022 жылы ол Бразилияда үш жасар ұлдарды сәтті ажыратты, 2021 жылы Израильде бір жасар қыздарға, 2019 жылы Пәкістанда екі жасар қыздарға операция жасады.

Қыздардың толық бөлінуі үш ай ішінде екі хирургиялық кезеңді қажет ететіні атап өтілді. Өйткені егіздерден  маңызды қан тамырлары мен ми тіндерін  бөлген.

Күрделі операцияға дайындық кезінде мамандар Анкарадағы дәрігерлерге операция бөлмесінде не күтетінін түсінуге көмектесу үшін егіздердің жоғары ажыратымдылықтағы 3D үлгісін жасады. Сонымен қатар, бұл британдық командаға алдағы хирургиялық процедураларды дайындауға және қайталауға мүмкіндік берді.

Операция кезінде дәрігерлер 3D кескіндерді физикалық әлеммен біріктіретін және операция кезінде дәлдікті жақсарту үшін қолданылған аралас шындық технологиясын қолданды.

"Бұл технология біздің көптеген күнделікті операцияларымызды қауіпсіз, аз инвазивті және тиімдірек етеді. Бұл қыздар мен олардың отбасыларына тәуелсіз өмір сүріп, балалық шақтарын тамашалай алатын жаңа болашақ сыйлау - біз үшін ерекше мәртебе", - деді Жилани.

Мәлімет бойынша, әрбір 60 мың туылған нәрестеде бір жұп түйіскен егіздер туады, олардың тек 5 пайызы ғана бас сүйек, яғни басы біріккен балалар.

Бөлінбеген балалардың өмір сүру ұзақтығы өте төмен. Краниопагтардың шамамен 40 пайызы өлі туылады немесе босану кезінде шетінейді екен.

Пікірлер