Апаттан кейін ауыр күндерден соң ғана Ресей өз шабуылын мойындады

381
Adyrna.kz Telegram

Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты ресейлік Росавиация басшысы Дмитрий Ядров мәлімдеме жасады.  Ол Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы жақындағанда Грозный үстінде украиналық дрондар ұшып жүргенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Tvrain мәліметінше, ол екі күннен бері алғаш рет ресми мәлімдеме жасап отыр.

Ядров болған жағдайдың барлық мән-жайын мұқият тексеру қажеттігін айтқан. Оның сөзінше, апат болған күні Грозный әуежайының маңындағы жағдай өте қиын болған. Ядровтың айтуынша, "Украина дрондары осы уақытта Грозный және Владикавказ қалаларында азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасаған".

Осы кезде әуежай аймағында барлық әуе кемелерінің көрсетілген кеңістіктен дереу кетуін көздейтін "кілем" режимі енгізілген. 

Сонымен қатар, тұман түсіп, 500 метр биіктікті көру қиынға айналған.

“Әуе кемесінің командирі Грозныйға ұшақты қонуға екі рет әрекет жасады, онысы сәтсіз болды. Командирге басқа әуежайлар ұсынылды. Ол Ақтау әуежайына бару туралы шешім қабылдады”, - деп қорытындылады Росавиация басшысы.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапқан болатын.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Еске салсақ, 2020 жылы 8 қаңтарда Тегеран (Иран) әуежайы маңында "Халықаралық Украина әуе желісінің" ұшағы ұшып шыққаннан кейін іле-шала екі зымыран атып түсірген болатын.

№752 рейсіндегі ұшақта болған 176 адам түгел мерт болған еді.

Бірнеше күннен соң Иран билігі украиналық ұшақты әскерилердің "қателесіп" атып түсіргенін мойындап, "бұл адам факторынан болған апат" деді.

Сол кезде Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасынан кешірім сұрап, көңіл айтты.

Ал Ресей Ақтау маңындағы ұшақ апатына шабуыл жасалғанын Батыс дәлелдер келтіргеннен кейін ғана мойындады. Дегенмен кешірім сұрамады.

Бұған дейін Әзірбайжан парламентінің депутаты Расим Мұсабеков “Ресей тарапы Әзербайжаннан кешірім сұрауы керек” деп мәләмлеме жасаған болатын.

2014 жылдың 17 шілдесінде де Ресей малайзиялық МН17 ұшағын атып түсірген болатын. Ұшақта болған барлық 298 жолаушы, оның ішінде 80 бала және 15 экипаж мүшесі қайтыс болған еді.

Сол кезде Ресей Украинадан Украина Ресейден көрген болатын. Ұшақтың «қара жәшігін» Ресейге жіберген, ал Украина бұған қарсы шығып: «Сепаратистер апат себебін жасыруды көздейді» деп мәлімдеген.

Алайда ұшақ Ресей қолдайтын бүлікшілер бақылауындағы аумақтан атылған зымыран жүйесі арқылы апатқа ұшырағаны белгілі болды. JIT тұжырымдарына сәйкес, ұшақты атқан изымыран Ресей Қарулы күштерінің 53 әуе қорғаныс бригадасына тиесілі және апат болған күні Ресейден Украинаға жеткізілген. Ұшақты атып түсіргеннен кейін зымыран Ресей аумағына қайтқан. Нидерланд мемлекеттік прокуратурасы 2014 жылдың жазында көтерілісшілер күштерін басқарған Ресей азаматы Игорь Стрелков пен оның қарамағындағы үш адамды апатқа қатысы бар деп айыптады.

Пікірлер