Жаңылыстыратын алыпсатарлық зерттеуге қатысты Kaspi.kz-тің мәлімдемесі

2073
Adyrna.kz Telegram

Kaspi.kz Culper Research жариялаған зерттеу есебіне түсініктеме берді.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz компаниясының басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

«Бұл – алыпсатарлардың жасаған шабуылы, оның мақсаты - қысқа мерзімді саудагерлердің жылдам пайда табуын қамтамасыз ету.  Есеп шындыққа жанаспайды, қате ақпарат беріп, инвесторларды шатастыру үшін әдейі жасалған. Біз акциялары 2020 жылдан бастап Лондон қор биржасында сатылған және жақында NASDAQ-та сатыла бастаған, реттелетін,  ашық компаниямыз. Реттеуші қойған талаптарға сәйкес үнемі ақпаратты ашық жариялаймыз. NASDAQ-тағы соңғы IPO барысында кең ауқымды құқықтық тексеруден өттік. Өз өнімдерімізге, есептілігімізге, сәйкестік бағдарламаларына және бақылау құралдарына сенімдіміз. Әдеттегідей ұзақмерзімді стратегиямызға назар аударамыз».

Айта кетсек, Kaspi.kz-тің миссиясы – сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасау. Инновациялардың ортасында еліміздегі ең танымал Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы тұр, оны 14 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады. Қосымша еліміздегі жетекші электронды сауда, төлем және қаржылық қызметтерді қамтиды.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу арқылы тиімді онлайн зат сатып алады, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражаттарын басқарып, ұшақ және пойыз билеттерін, турлар сатып алады және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін Kaspi Pay суперқосымшасын да жасады, оны Қазақстандағы 700 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржы алып, төлем қабылдайды, жарнамалық кампанияларды іске қосады, салық төлейді, электронды коммерция платформасына және жеткізу қызметіне қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Пікірлер