Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Парижде өткен паралимпиада ойындарының чемпионы мен спортшыларға пәтер сыйлады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Елорданың басшысы чемпион болған Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтердің сертификаты және 30 млн теңге ақшалай сыйақы берді. Ал спортшының жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 млн теңге табысталды.
Спортшы Ерғали Шәмейге 2 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 25 млн теңге ақшалай сыйақы табыстаса, оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 млн теңге табыс етілді.
“Біз өз тарапымыздан спортшыларымызға қолдау көрсетуді ары қарай да жалғастырамыз. Сол сияқты қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартып, бұқаралық спортпен шұғылдану үшін, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріне тиісті жағдай жасаймыз”, – деп жазды әкім Instagram парақшасына.