Қазақстан әлемдік жалақы рейтингінде 67-орында екені айтылды

842
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Numbeo жаһандық жалақы рейтингінде Қазақстан 67-орынға жайғасты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Орташа айлық таза еңбекақы (салықтарды есептегеннен кейін): 67-орын – Қазақстан, $581,26», – делінген кестеде.

Жалақы бойынша көш бастап тұрған Швейцария (7 216,85 доллар), одан кейін Люксембург (6 091,11 доллар) және АҚШ (4 522,32 доллар) болды.

Үздік ондыққа Сингапур, Катар, Гонконг (Қытай), Дания, Австралия, Нидерланды және Норвегия кірді.

Бір қызығы, Қазақстан рейтингте Ресейден алда (68-орын), бірақ Молдовадан (65-орын) қалып қойған.

Пікірлер