Петропавлда тұрғын үй өртеніп, 220 адам эвакуацияланды

764
Adyrna.kz Telegram
фото: ҚР ТЖМ
фото: ҚР ТЖМ

Петропавлда тоғыз қабатты тұрғын үйдегі өрттен кейін 220 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

17 қыркүйек күні Петропавлда Парковая көшесінде сегізінші қабаттағы тоғыз қабатты тұрғын үйде тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып кетті.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері баспалдақ үстінде тұрған үш адамды құтқарып, 217 адамды эвакуациялады, оның 21-і балалар. Бір адам ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Пікірлер