"Бүгінгінің батырлары". Астанада өртпен алысқан төтеншеліктердің суреті жарияланды

1781
Adyrna.kz Telegram

22 маусымда Астанада ірі өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігі қызыл жалынмен арпалысқан қызметкерлердің фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомствоның баспасөз қызметінде ауыр жұмыстан кейін өрт сөндірушілердің суреттерін жүктеді. Желі қолданушылары:

“Батырлардың еңбегі қашан бағаланар екен?”, “Жандарым-ау сіздерге денсаулық тілеймін”, “Осылардың айлығын миллионға көтеру керек", "Нағыз батырлар арамызда жүр", "Басымды иемін!", "Бәрекелді", - деп жазған пікір бөліміне.

Астанада кеше "Хан Шатыр" маңындағы биік ғимаратқа өртке оранған болатын.

Пікірлер