Ақы төлеп ғарышқа аттанған алғашқы туристер жерге оралды

639
Adyrna.kz Telegram

Алғаш рет ақылы рейспен ғарышқа ұшқан туристер жерге аман-есен оралды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BILD басылымына сілтеме жасап.

SpaceX компаниясының Polaris Dawn ғарыш кемесінің экипажы бес күндік тарихи миссиядан кейін 15 қыркүйек күні жерге сәтті қонды. Олар түскен жер Флориданың оңтүстігіне жақын маңда орналасқан.

NASA бұл миссияның коммерциялық ғарыш индустриясы үшін «үлкен серпіліс» болғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, миллиардер Джаред Айзекман және тағы үш әуесқой ғарышкердің саяхаты 10 қыркүйекте басталған болатын. Флориданың батыс жағалауындағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін Crew Dragon шамамен 1400 шақырым биіктікке көтерілді.

Пікірлер