Қазақстанда жаңа комитет пайда болды

1195
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанынан Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылсын», - делінген құжатта.

Өзгерістерге сәйкес, енді Ішкі істер министрлігіне мыналар кіреді:

  • Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
  • Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
  • Әкімшілік полиция комитеті;
  • Көші-қон қызметі комитеті;
  • Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікірлер