Карта аударымдарына салық салынбайды - Ұлттық экономика министрлігі

775
Adyrna.kz Telegram
фото: InIviv.in.ua
фото: InIviv.in.ua

Бірқатар БАҚ-та картадан картаға жасалған аударымдарға 12 пайыздық қосылған құн салығымен (КҚС) салық салынатындығы туралы ақпарат тарады. Бұл норма жаңа Салық кодексінің жобасында бар деп хабарланған.  Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл ақпарат қате. Министрліктің мәлімдеуінше, бұл тек банктердің қызметі үшін алынатын комиссияларға  қатысты мәселе. Мысалы, аударымдар немесе карта шығару қызметі үшін алынатын комиссиялар.

"Азаматтардың ақшасына салық салынбайды. Бұрын банктер қаржылық операциялар бойынша салықтық жеңілдіктер алып, сол табыстан салық төлемейтін. Жаңа Салық кодексінің жобасында осы жеңілдіктерді алып тастау ұсынылып отыр", — деп түсіндірді министрлік.

Сондай-ақ, бір банктің ішіндегі ақша аударымдары әдетте комиссиясыз жүзеге асатындығын атап өтті. Сондықтан мұндай жағдайларда салық салынбайды. Мысалы, егер банк клиенттен 100 теңге комиссия алса, оның 12 теңгесі қосылған құн салығы ретінде төленуі қажет.

Жаңа Салық кодексі 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылдануы тиіс еді. Бірақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оның қабылдануын кейінге шегеруді тапсырды.

Пікірлер