"Сасқан үйрек..." Путин cтратегиялық шикізат экспортын шектеуді ұсынды

1328
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті кейбір стратегиялық шикізатты сыртқы нарыққа жеткізуді шектеу мәселесін тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеп.

Ресей президенті Владимир Путин үкімет кеңесінде бірнеше мәселені қозғады. Ол тауарлардың шектеліп жатқанын хабарлады.

«Бізге бірқатар тауарларды жеткізу шектеліп жатыр. Біз де белгілі бір шектеу қоюымыз керек шығар? Уран, титан, никель. Өзімізге зиян келтіретін ештеңе жасамаңыздар», — деді Путин.

Путин Ресейдің стратегиялық шикізат қоры бойынша көшбасшы екенін атап өтті. Яғни, табиғи газдың 22% дерлік, алтынның 23% жуық және алмаздың 55%-ға тарта үлесі бар.

«Кей елдерде стратегиялық қор құрылып, басқа да шаралар қабылданып жатыр, жалпы, егер бұл бізге зиян тигізбесе, онда ойлануға болады (мен мұны ертең істеу керек деп айтпаймын, бірақ бұл туралы ойланыңыздар). Мен атаған тауарларға ғана емес, кейбір басқаларына да сыртқы нарыққа жеткізуге белгілі бір шектеулер туралы айтып отырмын», — деді ол үкіметке тапсырмасында.

Пікірлер