Экс-шенеуніктің күзетшіні жаншып өлтірген ұлына қатысты тергеу тоқтатылған

1254
Adyrna.kz Telegram
Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Күзетшіні сабап өлтіріп, артынша көлікпен бірнеше рет басқан ер адамға қатысты тергеу тоқтатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

29 наурыз күні экс-депутаттың ұлы “Меркур Таун” тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлімші етіп сабап, көлікпен бірнеше рет басып кеткен деген ақпарат тараған болатын.

Tengrinews.kz мәліметінше, Алматы қаласының прокуратурасы тергеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлаған.

Ведомствоның мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу 29 наурыз күні басталған. Бірақ іс тоқтатылған.

“Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдады”, – делінген хабарламада.

Көрсетілген бапқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі заңда белгіленген тәртіппен куәландырылған күдіктінің, айыпталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр сырқаты болған жағдайда тоқтатылады.

Айта кетейік, наурызда күзетші қызметін атқанған Нұрбол Қайыпбаев сол түні ашуға булыққан ер адамды ата-анасының өтініші бойынша көшеге шығармаған болуы мүмкін. Ер адам оны сабап, артынша көлігімен жаншып өткен.

Марқұм Нұрбол Қайыпбаев отбасының жалғыз асырушысы болған. Аталған тұрғын үй кешенінде ол екі жылдан бері 165 мың теңге айлыққа жұмыс істеп келгені де белгілі болды.

Пікірлер