«Меркур Таунда» болған оқиға. Күзетшіні өлтірген адамның жақындары марқұмның отбасына ақша ұсынған

2195
Adyrna.kz Telegram

Күзетшіні өлтірген азаматтың туыстары марқұмның отбасына ақша ұсынған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі КТК телеарнасына сілтеп.

Марқұмның туыстары күдіктінің жақындары болған жайтқа өкінетінін айтып, кешірім сұрап келгенін айтады. Бірақ туыстар күдіктіге кешірім бермейтінін айтып, ақша алмайтынын жеткізді.

Нұрбол Қайыпбаев қызметтік орнында аяусыздық соққыға жығылып, көз жұмған. Марқұмды үш баласы мен туған-туысы ақтық сапарға шығарып салған.

Жаназа кезінде күдіктінің туыстары қара жамылған отбасыға ақша ұсынған көрінеді.

“Алдымыздан өтті, "кешіріңіздер" деп, бірақ кешірім болмайды дедік, сот болады. Әділ сот болғанын қалаймыз дедік. Жеңгеме "маған нөмірін бер, ақша салып жіберейін" дейді. Ондай көмек керек емес дедім, ешқандай көмек керек емес. Елдің бәрі, бүкіл Қазақстан болып жинап жатыр. "Кешірім болмайды" дедім, болды”, – дейді марқұмның інісі Руслан Қайыпбаев.

«Меркур Таун» тұрғын үй кешенінде наурыздың 28-інен 29-ына ауған түні 2:30 шамасында болған.

Күдіктінің де ұзақ жылдар бойы ата-анасымен бірге осы тұрғын үй кешенінде тұратыны айтылады. Оқиғаны тұрғын үй кешені тұрғындары видеоға да түсірген. Тараған видеоларда күдіктінің күзетшіні бірнеше мәрте кроссовер көлікпен жаншып, ол қансырап жатқанда аяқ-қолмен тағы да ұрып, соңынан көлікті тұраққа қойғаны түсірілген. Оқиғаның басында күзетшінің шлагбаумды жапқаны байқалады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер