Назарбаевтың қыздары Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер тізіміне енген жоқ

1406
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен және ортаншы қыздары Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева ең ықпалды 25 қазақ әйелінің тізіміне енген жоқ. Рейтингті 2024 жылдың қыркүйегінде Forbes Woman Kazakhstan ұсынған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Лонг-листке 110 адам кірді, оның ішінде 42 қатысушы іріктелді. Ал қысқа тізімді сарапшылар бағалады. Олардың бағалауы бойынша елдегі ең ықпалды 25 әйелдің тізімі жасалды.

«Менің ойымша, рейтингтің көшбасшысы Үміт Шаяхметова (Халық банкінің басшысы) екені ешкімді таң қалдырмайды», - деп жазады Forbes Woman Kazakhstan журналының бас директоры Зульфия Хайбуллина.

Шаяхметовадан басқа, рейтингте қаржы секторынан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова (2-орын), «Отбасы банкі» АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова (5-орын), KASE Басқарма Төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі Алина Алдамберген (11-орын) бар.

Рейтингке іскер әйел де бар. Мәселен, 18-ші орынды Ланкастер Холдингтің тең құрылтайшысы, еліміздегі ең ірі қала – Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнәр Досаева иеленді.

Үздік 25-тен үкіметтегі әйелдерді де көреміз. 4-орында қазір Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарып отырған Аида Балаеваны көруге болады.

Сонымен қатар, тізімде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әпкесі Қарлыға Ізбастина да бар. Бұл рейтингте ол 17-орында. Журналистер Ізбастинаның әкесі Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы екенін жазады. Ол бұрын Meerbusch және Kazakhstan Tungsten & Molybdenum компаниясы арқылы бизнес жасаған.

Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева ықпалды әйелдер рейтингінде жоқ. Екеуі де еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, екеуі де Қазақстанның ең ауқатты адамдарының рейтингіне енген.

Дариға Назарбаева ең бай 75 бизнесменнің ішінде 15-ші орында, оның байлығы 590 миллион долларға бағаланады. Ал Динара Құлыбаева күйеуі Тимур Құлыбаевпен бірге байлар рейтингінде екінші орынды алады. Олардың әрқайсысы 5 миллиард долларды құрайды.

Пікірлер