V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы алтынын Франция спортшысы жеңіп алды

1398
Adyrna.kz Telegram
Фото: «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі
Фото: «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі
Көшпенділер ойындарының алғашқы алтынын Франция спортшысы алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 

Бүгін өткен жамбы ату сайысына 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып жатыр.

Бақ сынауға келген спортшылар 11 топқа бөлінген. Жарыс нәтижесі бойынша Франция құрамасының спортшысы Raphael Malet Көшпенділер ойындарының алғашқы алтын медальді иеленген. Ал күмісті моңғолиялық Altankhuyag Nergui иеленді. Қоланы Франция елінен келген Gaëtan Blot қанжылады.

Ұлттық құрама мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестікке қатарына енді.

«Мажар стилінің ерекшелігі – спортшы атпен жылдамырақ шауып, нысанаға көп оқ тигізу керек. Жебе санына шектеу жоқ. Қазақстан дирекциясы барлығын атпен қамтамасыз етті. Тоқсанға жуық атты дайындадық. Көшпенділер ойындары болғандықтан көп қатысушы келді. Көшпенділер ойындарына ұлттық құрама спортшылары үш ай дайындалды. Жыл басынан бері төрт оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Әр спортшыға жеке тактика әзірледік», – деді Жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.

 

Пікірлер