Елордалық мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұловтың ұсталғаны айтылды

2972
Adyrna.kz Telegram

Астанада елордалық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Козачков Offside Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ол 2016 жылы Күн субұрқағының құрылысы кезінде ұрлық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.

Kozachkov offside Telegram арнасының жазуынша, ол нысанның ашылуы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орайластырылған. Алайда 2017 жылдан бастап субұрқақ апатты жағдайда тұр.

Тергеу барысында жобаға 1 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсалғаны анықталды. Сонымен қатар Мәдениет басқармасы субұрқақ құрылысын мемлекеттік сатып алу рәсімінсіз жүргізген. Оның жоба-сметалық құжаттамасы болмаған және мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Кейін белгілі болғандай, нысан сапасыз материалдардан жасалғандықтан, көп ұзамай бұзылып қалған.

Тергеуге жауапты Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бұл іске сол кездегі Астана қаласы  Мәдениет басқармасы басшысының тікелей қатысы бар.

Тергеу аясында Болат Мажағұловтың 3 коммерциялық нысанына, 2 автотұрағына және премиум-класты үйдегі пәтеріне шектеу қойылды.

Бұл іс бойынша күдіктілер қатарында субұрқақты салған мердігер компаниялардың өкілдері де бар. Олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын мүлкі тәркіленді.

Пікірлер