"Педофилизмді қолдайсыз ба?" Заңгер Айгүл Орынбек бас мүфтидің сөзін сынға алды

1509
Adyrna.kz Telegram

Заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының журналистерге "балиғат" жасы туралы айтқан жауабына шүйлікті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Бас мүфти сіз педофилизмді қолдайсыз ба? “Шариғатта балиғат жасқа келген қыз орамал тағу керек”, депсіз! Әдетте қыз балаға хайыз (етеккір) келген уақыттан бастап , балиғат жасына жеткен (ержеткен, бойжеткен) болып саналады. Негізінде қыз балаларға 9 жастан еттекір келеді. Ал шариғат заңы бойынша еттекір келген 9 жасар қыз тұрмысқа шығу керек! Біздің ел жәйлап Ауғаныстанға айналып бара жатыр! Мынау ашық педофилизмге пропаганда ғой! Біз сонда шариғат заңымен жүру керекпіз бе? ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев біздің мүфтиді тергеп тексеріңдер! Шариғатпен жүргісі келсе Ауғаныстанға жіберіңдер, жүрсін сол жақта шариғат заңымен! Бізге шариғатпен емес, Қазақстан заңымен жүретін бас имам керек!" деп жазды ол.

Бұған дейін, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы балиғат жастағы қыз бала орамалмен жүруі керек деген пікір білдірген болатын. 

Пікірлер