Елімізде мектеп жасындағы қыздарға екпе салу науқаны басталмақ

853
Adyrna.kz Telegram
Астанада жаңа оқу жылы қарсаңында оқушы қыздарға папиллома вирусына қарсы екпе салу науқаны басталады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы Астана қаласының СЭБД басшысының орынбасары Жанна Пралиева мәлімдеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, Қазақстанда күн сайын жатыр мойны обырына қатысты 5-тен астам жағдай тіркеледі екен. Сондай-ақ, орташа есеппен күн сайын екі әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады. Жатыр мойны обыры гинекологиялық патологияда сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр деген дерек бар.
Ал 90-95% жағдайда жатыр мойны обырының даму себебі онкогендік типтегі адам папилломавирусы – 16 және 18-інші түрлері екені дәлелденген. Сол себепті ақ халаттылар Қазақстанда әйелдердің жатыр мойны обырын тіркеу жағдайларын қысқартуға мүмкіндік беретін АПВ-ге қарсы вакцинация ретінде алдын алу шараларын қабылдау маңызды екенін айтып отыр.
Сол себепті мектепте оқитын қыздарға ауруға қарсы екпе егу науқаны басталатыны хабарланды.
Пікірлер