“Астана әуежайына келген адамнан маймыл шешегі анықталды”. Рас па?

2085
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде елге келген жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа қатысты денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі деректің жалған екенін хабарлады.

"Жалған ақпарат көрсетілген жарияланымдарда маймыл шешегінің елге енуіне қарсы дайындық бойынша өткізілген ведомствоаралық оқу-жаттығу барысында түсірілген бейнематериал қолданылған. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда маймыл шешегі ауруының бірде-бір жағдайы тіркелмегенін мәлімдейді. Маймыл шешегінің елімізге енуінің алдын алу мақсатында өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Жалған ақпарат таратқан адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Әлеуметтік желі қолданушыларын және барлық азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", – деп жазады ведомство баспасөз қызметі.

Пікірлер