Алматыда Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған балалар арасындағы футбол турнирі өтті. Аталмыш шараға Дариға Назарбаева да қатысқан. Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов талеграм арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Міне, Дариға Назарбаева көрінді. Ол Алматыда Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған футболдан балалар турниріне қатысуда», - деді журналист Сырым Итқұлов.
AR Cup балалар футбол турнирінің Instagram парақшасында бұл ойын жыл сайын өткізілетіні жазылған. Ұйымдастырушылар жарыстың басты мақсаты – жастар арасында отандық футболды дамыту дейді.
Айта кетсек, Айсұлтан Рахат (Назарбаев) – марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы. 2020 жылдың 16 тамызында 29 жастағы Айсұлтан Рахаттың денесі Лондонда табылған болатын. Өлімнің алдын ала себебі – жүрек тоқтауы.