Қасым, Жомарт, Кемел. Түркістанда үшем өмірге келді

1341
Adyrna.kz Telegram

Түркістанда өмірге келген үшемге Қасым, Жомарт, Кемел есімдері берілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы, Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үш ұлды өмірге әкелді. Солайша әйел 10 баланың анасы атанды.

Мыңжасар отбасы ұлдарына Президенттің аты-жөнін беруді ұйғарған.

10 баланың әкесі - Бахыт Мыңжасар. Ол құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың атын анасы қойған.

“Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық”, – деді үшемнің анасы.

Пікірлер