Шымкентте екі футбол клубының жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды

1019
Adyrna.kz Telegram
Фото: dknews.kz
Фото: dknews.kz

"Ақтөбе" мен "Ордабасы" футбол клубының жанкүйерлері Шымкенттегі ойын алдында төбелесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

25 шілдеде Шымкенттегі Қажымұқан атындағы Орталық стадионда Қазақстан Премьер-лигасының 18-тур өтті. "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол клубтары арасында өткен кездесудің алдында жанкүйерлер бір-бірімен төбелесті. Төбелес себебі белгісіз.

Матч  1:1 есебімен тең аяқталды. 14-минутта Хосе Севаллос "Ақтөбе" командасын алға шығарғанымен, үзілістен кейін 72-минутта Шахбоз Умаров гол соқты.

Пікірлер