Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойды

1242
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақорда баспасөзінен
фото: Ақорда баспасөзінен

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа салтанатты түрде қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президентінің Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Тәжікстан Республикасының Орталық сайлау және референдум жөніндегі комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрлігі арасындағы мұнай-газ саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығын инновациялық және цифрлық дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Телевизия және радио комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Сәулет және құрылыс комитеті арасындағы құрылыс секторында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Азық-түлік қауіпсіздігі комитеті арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жастар ісі және спорт комитеті арасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықтың 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламасы;

10. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Стандарттау, метрология, сертификаттау және сауда инспекциясы агенттігі арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

11. Қазақстан Республикасы Алматы облысы әкімдігі мен Тәжікстан Республикасы Хатлон облысы мемлекеттік биліктің атқарушы органы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастық туралы меморандум;

12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі арасындағы сот актілері мен басқа органдардың актілерін орындау бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

13. «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы мен «Рохи охани Точикистон» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
14. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Тәжік сирек металдары» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

15. «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Тәжікстан жастар одағы» қоғамдық ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз.

Пікірлер