"Арнайы файлдар жібереді". Антикор алаяқтарға қатысты ескерту жасады

1029
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Қазақстан азаматтарына алаяқтардың  WhatsApp, Telegram және тағы басқа желілерде жалған ақпарат таратынын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің мәліметінше, алаяқтар WhatsApp, Telegram арқылы агенттіктің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттармен тіркеліп, жалған ақпарат таратып жүр. Олар ведомствоның символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді.

“Жалған ақпараттарға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауға шақырамыз. Осындай қоңыраулар мен ақпараттар алған жағдайда Құқық қорғау органдарына дереу хабар беруді сұраймыз”, – деп дабыл қақты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі.

Пікірлер