Президент мемлекеттік сапармен Тәжікстанға барады

1260
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

22-23 тамыз күндері Қазақстан президенті Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Пікірлер