Израиль мен Хамастың атысты тоқтату туралы келісімге қол қоятыны жайлы айтылды

1246
Adyrna.kz Telegram

АҚШ пен оның одақтастары келесі аптада Израиль мен Хамас арасындағы атысты тоқтату келісіміне қол қойылатыны жайлы айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы CNN арнасына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сенсек, Газада атысты тоқтату туралы келіссөзге қатысушылар жұма күні екі күндік раундтың аяқталғанын хабарлады. Олар соғысты тоқтату туралы келісімге келу үшін келесі аптада Каирде қайта кездесуді жоспарлап отыр.

БАҚ беттерінде АҚШ, Мысыр және Катар келіссөздерінің сындарлы және оң атмосферада өткенін айтты. Олар екі тарапқа да өз ұсыныстарын білдірді және алдағы күндері іске асыру шараларының егжей-тегжейлері бойынша жұмысты жалғастыруға үміттенеді.

Газадағы соғыстың аймақтық қақтығысқа ұласуына жол бермеуге бағытталған халықаралық дипломатия 16 тамызда Ұлыбритания мен Францияның сыртқы істер министрлері Израильге бірлескен сапармен барған кезде күшейе түсті.

Сонымен бірге Дохада халықаралық делдалдықпен Израиль мен Хамас арасындағы атысты тоқтату туралы келіссөздердің кезекті раунды аяқталды.

Халықаралық қауымдастық Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетудің ең жақсы жолы Израиль мен Хамас арасындағы соғысты тоқтату және израильдік кепілге алынғандарды босату туралы келісім болады деп санайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль Газадағы мектепке соққы жасап, жүзден астам адам қаза болған еді.

Пікірлер