«Самұрық-Қазына» Қайрат Боранбаевтың бұрынғы компаниясын сатып алмақ

1265
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kapital.kz
Сурет: kapital.kz

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қайрат Боранбаевтың бұрынғы компаниясы «АзияГаз Чунджа» ЖШС-ның 100% акциясын сатып алу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы KASE сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айта кетсек, «АзияГаз Чунджа» компаниясы 2014 жылы құрылған. Газ тасымалдаумен және өткізумен айналысады. Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі компанияның құнын 14 млрд теңгеге бағалаған. Қазіргі таңда «АзияГаз Чунджа» ЖШС ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тиесілі.

2023 жылы Қайрат Боранбаев аса ірі мөлшердегі мемлекет қаржысын жымқырды және көлеңкелі кірісті заңдастырды деген айыппен ұсталған болатын. Тергеу мәліметінше, 2019 жылы «АзияГаз Чунджа» ЖШС арқылы газ тасымалдау кезінде QazaqGaz ұлттық компаниясының қаражаты ұрланған.

Бұған дейін Қайрат Боранбаев мұнай саласындағы кен орындарын, қызмет көрсету кәсіпорындарын, қонақ үй, сауда – ойын-сауық кешендерін, фитнес-орталық желілерін, кеңсе ғимараттарын және басқа да көптеген активтерін мемлекет меншігіне өткізген болатын. Атап айтқанда «АзияГаз Чунджа» ЖШС, Comfort Hotel Astana, FitNation фитнес-клуб желісі, «ҚазТурбоРемонт» зауыты, «Алмалы» сауда – ойын-сауық кешені бар.

Пікірлер