Париж Олимпиадасы. Назым Қызайбай жартылай финалға өтті

1892
Adyrna.kz Telegram
Фото: prosport.kz
Фото: prosport.kz

Париж Олимпиадасында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай жартылай финалға өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түсіп жатқан Қызайбай ширек финалда колумбиялық Валенсия Лорена Ингритпен жұдырықтасқан болатын.

Тартысты жекпе-жектің алғашқы екі раундында төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Назымға берді.

Жалпы есепте Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті.

Финал жолдамасы үшін таласта Қызайбай қытайлық Ву Юмен жұдырықтасады.

Пікірлер