«Жеңіске жеткенімді елге келгенде сезіндім». Жанкүйерлер Назым Қызайбайды қарсы алды

1165
Adyrna.kz Telegram
Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының үздігі, 50 келі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды. Бұл туралы Спорт және туризм министрлігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Спортшыны Алматының халықаралық әуежайында туған-туыстары мен жанкүйерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері күтіп алды. Францияда ел абыройын асқақтатқан боксшыға құрмет көрсетіліп, көпшілік ыстық ықыласпен қарсы алды.

«Жалпы Олимпиада жақсы өтті. Жаттықтырушыларым жақсы дайындап, қола медальға қол жеткіздік. Жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын. Барлық жанкүйерлерге мың алғыс», - деді ол.

Пікірлер