Белгілі журналист дін туралы жазбасынан кейін қоқан-лоққыға ұшырағанын айтты

4081
Adyrna.kz Telegram
Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы фэйсбук желісіндегі парақшасында дінге қатысты жазбадан кейін өзіне бәз біреулердің қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеп. 

Фотоға сүйенсек, оған Айбек есімді белгісіз ер адам жазған. Ол журналистің жекесіне шығып, неше түрлі сөздер айтқан.

“ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК мынаны жазалауларыңызды сұраймын?! Мынадай салафит маған жекеме шығып, қоқан-лоққы жасауда. Ашық түрде. Белгілеңіздерші құзырлы орындарды?!”, - деп жазды журналист.

Оған келген хатта:

“Сені полицейлер құтқармайды, мен сені Алматыдан тауып аламын, өлтіремін” деген сынды қорқытулар жазылған.

Пікірлер