Францияда бапкер қайтыс болды

1955
Adyrna.kz Telegram

Францияда Олимпиада қалашығында бапкер қайтыс болды. Оның жүрек талмасы ұстаған деген ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бокстан Самоа құрамасының бапкері Лиональ Элика Фатупайто Парижде Олимпиада қалашығында көз жұмған.

26 шілде күні 60 жастағы бапкердің кенет денсаулығы нашарлап, ақырында жүрек талмасы ұстаған. Науқасқа көмек көрсеткен дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Самоа құрамасы сапында Париж рингіне бір ғана боксшы,  81 келіде жұдырықтасатын Ато Плодзицки шығады.

Пікірлер