Спортшының жеңісінен кейін. Париж Олимпиадасында Өзбекстан бас бапкерінің жүрегі тоқтап қалды

1742
Adyrna.kz Telegram
Фото: newshub.ru
Фото: newshub.ru

Париж Олимпиадасында Өзбекстан спортшысының жеңісінен кейін бапкердің жүрегі тоқтап, есінен танып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға 8 тамыз күні болған.

Өзбекстан құрамасының бокс бойынша бас бапкері Тулкин Киличевтің жүрегі тоқтап қалды. Бас жаттықтырушыға Ұлыбритания құрамасының дәрігері Харж Сингх пен физиотерапевт Робби Лиллис көмекке келді. Олар дефибрилляторды қолдануға мәжбүр болды.

"Жаттықтырушылар командасы жылыну аймағына оралған, олардың бәрі жеңісті тойлай бастағанын білемін. Алайда, көп ұзамай біртүрлі жағымсыз айқай-шу естіле бастады. Олардың дәрігерді көмекке шақырғаны байқалды. Харж бірінші болып көмекке жетті, артынша мен де ұмтылдым. 30 секундтан кейін өзімізбен үнемі бірге алып жүретін жедел жәрдем сөмкесімен жеттім", - деді дәрігер Робби Лиллис.

Қазір бапкердің жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Айта кетейік, 41 жастағы Киличев 2014 жылдан бері Өзбекстан құрамасын жаттықтырады.

Пікірлер