"Мамасының баласы". Желіде Елдос Сметовтің анасы сынның астында қалды

4776
Adyrna.kz Telegram

Париж Олимпиадасында дзюдодан алтын медаль алған Елдос Сметовтің анасы сынға ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Желіде қазақстандықтар Елдос Сметов елге келгеннен бері оның жанынан әйелі емес, анасының қолтықтап жүргенін сынға алып, түрлі пікір жаудыруда.

«Келініне орын бермей ме, өзі қолтықтап жүр баласын». «Анасы әкесімен артта тұрып, ұлының қасына әйелін жіберуі керек еді». «Жағаласып, ұлының артынан қалмайды екен». «Осы кісінің туғаны белгілі ғой, бірақ жұрттың алдында осылай жағаласып жүргені ұят». «Осындай енеге шыдап жүрген келінге халықтың атынан алтын медаль тағайық». «Тіпті, Димаштың анасы жанында жүрмейді», - деп сөккен желі қолданушылары.

Қоса кетейік, осыған дейін чемпионның анасының әрекетін коуч Роза Әшірбаева да сөккен еді.

«Неге қазақ жігіттері жұбымен жүрмейді? Баласын көтеріп алады, жан-жағында ата-анасы жүреді. Әйелі балаларын туып, оны күтіп-бағып, жанында мотиватор болып отырған жоқ па? Ата-аналар біліңдер, бала — қонақ. Қорықпа балам, мамаң келеді қасыңа», — дейді Роза Әшірбаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елдос Сметовтің алғашқы бапкеріне су жаңа көлік сыйлағанын жазған едік.

Пікірлер